$ 547.57  642.63  6.68

«Бишімбаевтың ісінен кейін өмірім астаң-кестең болды» – Прокурор Айжан Аймағанова (ВИДЕО)

Күйеуіммен арамыз суып кетті.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова тағы да көлемді сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты ашық пікір білдірді, деп хабарлайды 

Бұл жолғы сұхбатын ол журналист Динара Сәтжанға беріп, атышулы соттан кейін танымал болудың өзіне қиын соққанын атап өтті.

«Бұл сұхбатты 1,5 жыл күттім. Осы уақыт ішінде сізді медиа-тұлға деп атауға болады. Танымалдыққа үйрендіңіз бе?» – деп сұрады сұхбат басында Динара Сәтжан.

Аймағанова болса, табиғатынан тұйық жан екенін айтып, көпшіліктің назарында жүру оның отбасына да кері әсер еткенін жасырмады.

«Бұл істен кейін өмірім түбегейлі өзгеріп кетті. Өзім негізінен көпшілік алдына шығып, жұрт назарына түскенді ұнатпаймын. Танымал болуды ешқашан мақсат етпегенмін. Қарапайым прокурор болып, отбасыммен және өз мәселелеріммен жүрген адам едім. Ал қазір көшеге шықсам, адамдар суретке түсіп жатады. Олардың ықыласына ризамын, бірақ прокуратурада қызмет істей жүріп, сонымен қатар көпшілік алдында танымал болу өте ауыр. Жолдасым бар, балаларым бар. Осы жағдайлардан кейін күйеуіммен арамыз суып кетті, келіспей қалатын сәттер болды. Жақында ғана екеуміз қарым-қатынасты қайта құра бастадық. Балаларыма да оңай болған жоқ, олар да мен туралы айтылатын әңгімелерді естіп қалады. Сондықтан бұл кезең маған оңай тиген жоқ», – деді прокурор.

Айтуынша, ол танымалдыққа үйренген жоқ, тек көндігуіне тура келген. Егер бастапқыда «осы істен кейін атақты болып кетесің» деп ескерткенде, істі қабылдамағанын да ашық айтты.

«Танымал болуға бейімделдім деуден гөрі, оған көндіктім деу дұрыс шығар. Ал егер әуелден: “Айжан, осы істен кейін көпшілікке танымал боласың” деп айтқанда, мен бас тартар едім», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 45
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары