$ 544.26  634.72  6.52

«Баянмен достықты сақтап қала алмағанымызға өкінемін» - Продюсер Гүлнұр Мамасарипова (ВИДЕО)

"Қалғанының бәрі жәй дүние".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал продюсер, "Келінжан" сериалының авторы Гүлнұр Мамасарипова өміріндегі өкінетін сәттерінің бірімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол продюсер Баян Мақсатқызымен кезінде дос болып, алайда достықты сақтап қала алмағанын айтып, күйінді. 

"Бір ғана нәрсе бар өкінетін - ол достықты сақтап қала алмағанымыз. Қалғанының бәрі жәй дүние. Қалғанының бәрі орнына келді. Маған да жүмыс табылды, ары қарай сериалдарымды түсіріп кеттім. Сондай бір нәзік нәрсені сындырып алдық. Сол ғана өкінетін нәрсе. Бұндай жағдай боолып тұратын шығар өмірде. Ренжісіп қалсаң кей адамдармен бір жерде көрісіп қаласың. Қал-жағдай сұрасып, әңгімелесіп кетесің. Ал ең жақын адамдармен мен неге баруым керек, мен бар сен бар деп жүріп біраз уақыт өтіп кетіпті. Әлі араласпаймыз солай", - деді продюсер. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары