$ 544.26  634.72  6.52

«Таза Алдар көсе екен ғой»: Ардақ Назаровтың тағы бір видеосы жұрттың сынына ілікті (ВИДЕО)

"Адайды" мүлде басқа сарынға салып, әндетіп жіберген.

Фото: Адильбек Тауекелов
Фото: Адильбек Тауекелов

Әлеуметтік желіде мәжіліс депутаты, бұрынғы спортшы Ардақ Назаровтың ескі видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрларда журналист Ардақ Назаровтан «әлем чемпионы болсам, рингте "Адай" күйін орындаймын» деген арманын еске салып, қолына домбыра ұсынады.

Күй күмбірлетеді деп күткен жұрттың таңданысына, Назаров домбыраны тыңқылдатып отырып, "Адайды" мүлде басқа сарынға салып, әндетіп жіберген:

"Ассалаумағалейкум ай, аманбысың оу Кененім

Көріскелі кеп едім, қайтыс бопты қайтесің

Базар Назар оуу бөбегің

Алатауды жаңғыртып, зарланып салған оуу әуенің

Ата қоқи балдареййй, ене қоқи балдариии

Бұл сәтті көрген желі қолданушылары депутаттың орындауын күлкіге айналдырып, қызу талқыға салуда.

"Адай қайда кетті?", "Анаңды құттықтап жүре берші", "Мына кісі күллі қазақты жегізіп жүрген бе", "Балаларды шошытты ғой", "Құдай-ау мынаның ертегісі өте көп екен ғой", - деп жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары