"Қазақ аруын" өткізеді өзінің қыз сықпыты жоқ".
Халық арасында Бағдагүл емші атымен танылған ақтөбелік әйел желіні шулатты. Бұл жолы ол продюсер Баян Мақсатқызы мен телжүргізуші Динара Сәтжанға шүйлікті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Үкіметтің ақшасын оңды-сол шашып жүр деп Баян Мақсатқызын айыптаған ол Тұрсынбек пен Мөлдірдің арасында болған жайтқа да қос құрбыны кінәлады.
"Мына Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан екеуі шылқып жүр ғой. Оның бәрі қазынадан түскен ақша. Итке керек емес, елді бұзатын жобаларымен Үкіметтен бәленбай ақшаны сыпырып алады. "Қазақ аруын" өткізеді өзінің қыз сықпыты жоқ. Инабаттылығы жоқ имандылығы жоқ Баянның қыздарған арналған конкурсы кімге керек? Тұрсынбектің әйелін қасына алып алыпты. Сол отбасыларды отқа май құйып ажырастырып отырған Баян. Динара мен Баянның қасында жүріп тапқан Мөлдірдің өнегесі сол болды. Әйтпесе Мөлдір тәрбиелі әрі ақылды әйел", - деді ашуланған емші.