Бармауына не себеп болғанын тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында баяндап берді.
Әнші Абай Бегей немересінің 1 жас туған күнін дүркіретіп өткізген еді. Алайда әншінің қуанышыында танымал тележүргізуші Анна Данченко төбе көрсеткен жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бармауына не себеп болғанын тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында баяндап берді.
«Кеше Абай мырзаның тойына баруым керек еді, бірақ... Белгілі себептерге байланысты бара алмадым. Негізі, шақырған жерден қалмауға тырысамын, бұл жолы шамам болмады. Қатты ашуланып, өз-өзіме әрең келдім, инстаға да шықпаймын ба деп едім, бірақ мені іздеп жатқандарыңызды көріп, жақсы болып қалдым», деп жазды ол.