$ 544.87  639.02  6.88

«Өзімді жас қыздай сезініп тұрмын»: Наркенже Серікбаева бет-әлпетін өзгертіп ота жасатты

Әнші операциядан соң тойларда өнер көрсетіп те үлгергенін жеткізді.

Фото: @narkenjeserikbaeva
Фото: @narkenjeserikbaeva

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева пластикалық операциядан кейін тың серпінмен сахнаға қайта оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі Шымкенттегі пластикалық хирургия орталығында көзінің астына эстетикалық ота жасатқан.

Оның айтуынша, операция сәтті өткен, қазіргі жағдайы жақсы. Тіпті тойларда өнер көрсетіп те үлгергенін жеткізді.

«Көзілдірігімді тағып алып, әнімді айтып жүрмін. Өзіме өте ұнады. Өзімді жас қыздай сезініп тұрмын», — деп қуанышын жасырмады әнші.

Ота нәтижесіне көңілі толған Серікбаева өзін жаңа күйде сезінетінін айтып, тыңдармандарына алғысын білдірді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары