$ 512.44  593.15  6.52

«Бірге өткіземіз»: Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің гендер-патиі жайлы айтты

Ол мұндай кеш ұйымдастыруға қарсы еместігін айтты.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Қазақстандық актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукаримова бесінші рет ана атанбақ. Ол желі қолданушыларының гендер-пати өткізу туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актрисаның айтуынша, қазіргі таңда үлкен қызының мектеп бітіруіне байланысты шаруалармен айналысып жүр.

Қарнымдағы бөпеме: «Сабыр ет, асықпа. Сыртта жүрген балалардың шаруасын реттеп алайын. Мен жалғызбын, ал сендер – бесеу болдыңдар», – деп айтамын, – деп жазды ол.

Ал гендер-пати өткізу туралы сұраққа Жұлдыз ашық жауап берді. Ол мұндай кеш ұйымдастыруға қарсы еместігін айтты.

Бұл туралы ойымда бар. Құдай қаласа, егер сіздер қызықты идея ұсынсаңыздар, гендер-патиді бірге өткіземіз, – деп жазды актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары