$ 512.44  593.15  6.52

«Менен 20 жыл бойы осы жігітті сұрауда»: Мәдина Сәдуақасова ескі танысын көрсетті (ВИДЕО)

Шалқар есімді жігіт.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Мәдина Сәдуақасова іс-шарада 20 жыл бұрын өзінің клипіне түскен жігітті ұшырастырып қалғанын айтты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші "Сүйген жүрек" атты әніне түсірілген бейнебаянның басты кейіпкері Шалқар есімді жігітті жолықтырған. 

"20 жылдан кейін “ Сүйген жүректің“ клипіне түскен жігітті бір шарада кездестірдім. 20 жыл бойы клиптегі күшік пен осы жігітті бәрі сұрап келді. Шалқар есімді жігіт. Рашид Сүлейменов режиссердің группаласы, отбасымен таныстым бүгін. Мен үшін өте жағымды тосын сый болды. Кім қатты өзгерді 20 жылда?", - деді Мәдина Сәдуақасова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары