$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

Covid-19-дың «британдық» нұсқасы АҚШ-тың 8 штатына тараған

Коронавирустың бұл түрі әдеттегіден 50% жұқпалы болуы мүмкін деп болжануда.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Америка сарапшылары  коронавирус инфекциясының жергілікті штаммының пайда болу мүмкін екендігін мәлімдеді. COVID-19 бұл түрі әдеттегіден 50% жұқпалы болуы мүмкін деп болжануда.Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
⠀
 Осы қыста елде жаз мезгіліне қарағанда індеттің таралуы екі есе өскені байқалған.
⠀
 "Мұндай жедел таралу АҚШ-та коронавирустың "британдық" нұсқасымен қатар өз штаммының пайда болғанын көрсетеді", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, COVID-19-дың басқа түрлеріне қарағанда 40-70% жылдам таралатын  "британдық" штамм АҚШ-тың сегіз штатында анықталған: Нью-Йорк, Калифорния, Флорида, Колорадо, Техас, Джорджия, Коннектикут және Пенсильвания.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирустың «британдық» штамы әлемнің 41 елінде анықталғандығы туралы ақпарат жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0