Путин мен Трамп осы рәсім кезінде кездесіп, Си Цзиньпиннің қатысуымен бір-бірімен амандасып, бірнеше ауыз сөз алмасты.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммитіне қатысушы делегация басшыларының құрметіне ұйымдастырылған қабылдау алдында қол алысып, қысқаша тілдесті. Бұл саммитке қатысушылардың ортақ суретке түсу рәсімі кезінде болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Салтанатты қабылдау дәстүр бойынша саммитті өткізетін ел басшысының атынан ұйымдастырылады. Бұл жолы делегация басшыларын Қытай төрағасы Си Цзиньпин жұбайымен бірге қарсы алды. Делегация басшылары қабылдауға кезекпен келді. Содан кейін саммитке қатысушылар дәстүрлі ортақ суретке түсті.
Путин мен Трамп осы рәсім кезінде кездесіп, Си Цзиньпиннің қатысуымен бір-бірімен амандасып, бірнеше ауыз сөз алмасты.
Суретке түсерде Путин мен Трамп Си Цзиньпин мен оның жұбайының екі жағынан орын алды. Рәсім аяқталған соң Ресей президенті сол жерде біраз кідіріп, бұған дейін кездеспеген өзге қатысушылармен де амандасты.