17.11.2026, 22:30

СҚО-да 31 жастағы ер адам өзін өртеп, көз жұмды: әкесі де жарақат алды

Фото: egemen.kz

Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.  

Солтүстік Қазақстан облысының Дмитриевка елді мекенінде қайғылы оқиға тіркелді. 31 жастағы ер адам өзіне қол жұмсаған. Оқиға кезінде оның әкесі де жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ер адам әйелімен жанжалдасқаннан кейін ата-анасының үйіне барған. Кейін моншада өзіне зиян келтірген. Оқиғаны көрген әкесі де өзіне жарақат салған. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қалған.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы 1995 жылы туған ер адамның оқиға орнында қайтыс болғанын растады.

Ал 1962 жылы туған әкесіне медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер оның екі білегінен де жарақат анықтаған. Алғашқы көмекті фельдшер көрсетіп, кейін хирургтің кеңесіне жүгіну ұсынылған.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.