Бұған жауап ретінде хуситтер Сауд Арабиясының инфрақұрылымына қарсы әскери операциялар жүргізуде.
Сауд Арабиясындағы Король Фахд атындағы халықаралық әуежайға сәрсенбі күні кешке шабуыл жасалды. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы сегіз адам жарақат алды. Бұл туралы Сауд Арабиясының Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасы (GACA) мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сауд Арабиясы Йемендегі хуситтерге қарсы күресіп жатқан үкіметтік күштерге әскери қолдау көрсететін араб коалициясын басқарады. Коалиция хуситтердің позицияларына әуе соққыларын жасап келеді.
Бұған жауап ретінде хуситтер Сауд Арабиясының инфрақұрылымына қарсы әскери операциялар жүргізуде.