21.08.2026, 11:00

Перуде қуатты жер сілкінісі болды

Фото: baq.kz

Жер сілкінісінен үрейленген тұрғындар үйлерінен көшеге шыққан.

20 тамызда Перудің орталық бөлігінде магнитудасы 6,7 болатын күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, зілзала ошағы Анд тауларындағы Анисо қаласынан солтүстік-батысқа қарай 31 шақырым жерде, 99 шақырым тереңдікте орналасқан. Дүмпу тереңде болғандықтан, айтарлықтай зардап тіркелмеген.

Жер сілкінісінен үрейленген тұрғындар үйлерінен көшеге шыққан. Алғашында полицияның бас инспекторы зілзаланың магнитудасы 7,2 болғанын айтқанымен, кейін бұл көрсеткіш 6,7 екені нақтыланды.

Перу Тынық мұхитының «Отты шеңбері» аймағында орналасқан. Жер шарындағы сейсмикалық белсенділіктің шамамен 85 пайызы осы аумақта шоғырланған.

Айта кетейік, соңғы уақытта Латын Америкасы елдерінде бірнеше күшті жер сілкінісі тіркелді. Бұған дейін Венесуэлада магнитудасы 7,5, ал Колумбияда 7,4 болатын зілзалалар болып, адам шығыны тіркелген.