22.10.2026, 14:40

«Көрген қиындығын жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Өз анамды құттықтағым келеді".

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің ұлы Әлім анасының «Көлеңке» атты кітабының тұсаукесерінде жүрекжарды тілегін айтып, екеуінің басынан өткен қиындықтарды еске алды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол бұл туындының жай ғана кітап емес, маңызды әлеуметтік мәселені түсіндіретін нұсқаулық екенін жеткізді. 

«Ең алдымен өз анамды құттықтағым келеді. Анам екеуміз көрген қиындықты жауыма да тілемеймін. Бұл білім туралы кітап емес, бұл – инструкция. Сталкинг – әлеуметтік мәселе. Мұндай жағдайды тек анам екеуміз ғана бастан өткерген жоқпыз. Қазақстанда мұндай оқиғалар көп», – деді Әлім.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт екінші рет тұрмыс құруға ниеттенген кезде сталкингтің құрбаны болғанын айтқан еді. Оның «Көлеңке» атты кітабы осы өзекті мәселеге қоғам назарын аударуға бағытталған.

Тегтер: ДанаНұржігіт