$ 489.33  566.3  6.74

Төртінші мундиаль, төртінші шоу: Шакира Әлем чемпионатында тарих жасады

11 маусым күні Мехикодағы аты аңызға айналған "Ацтека" стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Фото: Reuters
Фото: Reuters

Әйгілі жұлдыз бұған дейін 2006, 2010 және 2014 жылдардағы әлем чемпионаттарында ән шырқаған еді. Осылайша, ол 4 мундиальда ән шырқаған тұңғыш орындаушы атанып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

11 маусым күні Мехикодағы аты аңызға айналған "Ацтека" стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Дәл осы кеште Шакира көрерменге Dai Dai атты жаңа әнін ұсынып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Жаза кеткен жөн, биылғы мундиалдың топтық кезеңі 11-27 маусым аралығында өтеді. Әр құрама өз тобында 3 матч ойнайды.

Плей-оффқа әр топтан үздік 2 команда, сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішінен ең мықты 8 құрама жолдама алады. Барлығы 104 матч өтеді. Мұның өзі әлем чемпионаттары тарихындағы рекордтық көрсеткіш саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0