$ 486.2  557.82  6

Иран көрші елдерге соққы жасауды тоқтататынын мәлімдеді

Бұл шешім сол елдердің аумағынан Иранға шабуыл жасалған жағдайда ғана күшін жояды. 

Фото: РИА Новости / Majid Saeedi
Фото: РИА Новости / Majid Saeedi

Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерге шабуыл жасалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Al Jazeera басылымына сілтеме жасап.

Иран президентінің айтуынша, елдің уақытша басшылық кеңесі кеше көрші мемлекеттерге қарсы шабуылдарды тоқтату туралы шешімді мақұлдаған. Бұл шешім сол елдердің аумағынан Иранға шабуыл жасалған жағдайда ғана күшін жояды. 

Сондай-ақ Масуд Пезешкиан соңғы күндері жасалған соққылар үшін көрші мемлекеттерден кешірім сұрады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0