$ 497.56  586.92  6.44

Иран зымыраны Дубайдағы 5 жұлдызды қонақүй маңына құлады (ВИДЕО)

Telegram-дағы жаңалық арналары бұл қонақүйлердің қазақстандық туристер арасында танымал екенін жазуда.

© Telegram / SHOT
© Telegram / SHOT

28 ақпан күні кешке Дубайда Иран тарапынан жасалған әуе шабуылының қайта жалғасқаны туралы куәгерлер хабарлады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зымыран Palm Jumeirah элиталық ауданында құлаған. Оқиға орнында өрт шыққаны хабарланды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде жарылыс Fairmont The Palm және Adagio Premium The Palm қонақүйлерінің маңында болғаны туралы ақпарат тарады. Telegram-дағы жаңалық арналары бұл қонақүйлердің қазақстандық туристер арасында танымал екенін жазуда.

Жарылыс Дубайдың туристік аймақтарының бірі — Пальма Джумейрада тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, Fairmont The Palm қонақүйінің кіреберісіне Иран зымыранының сынықтары құлап, салдарынан күшті өрт тұтанған.

Өңірдегі жағдайдың күрт шиеленісуі 2026 жылғы 28 ақпан күні таңертең басталды. Израиль АҚШ-тың қолдауымен Тегеран, Исфахан және Иранның өзге де өңірлеріндегі әскери нысандарға соққы жасады. Бұған жауап ретінде Иран Израиль аумағына, сондай-ақ АҚШ-тың әскери қатысуымен байланысты нысандарға шабуыл жасады. Олардың қатарында Бахрейндегі АҚШ-тың Бесінші флотының базасы, Катардағы Әл-Удейд авиабазасы және БАӘ-дегі Әл-Дхафра әскери нысаны бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0