$ 447.8  516.76  5.3

ЖИ жасаған мәтін мен видеоны белгілемегендер жауапқа тартылуы мүмкін

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен жасалған мәтін мен видео арнайы белгіленуі тиіс, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Үкімет брифингінде Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов мәлімдеді. Оның айтуынша, мәтін жазу немесе видео әзірлеу кезінде ЖИ қолданылса, бұл ақпарат аудиторияға көрсетілуі қажет. Егер мәтіннің немесе видеоның жасанды интеллект көмегімен жасалғаны көрсетілмесе, жауапкершілік қарастырылған. Яғни талап ЖИ қолдануға тыйым салмайды, тек оны жасырмауды міндеттейді. Бұл әлеуметтік желілерде жарияланатын роликтерге де қатысты. Вице-министр жаңа талапты Үкіметтегі брифинг барысында журналистің сұрағына жауап бере отырып түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0