Сиреналар Тель-Авив пен Иерусалимде де естілді.
28 ақпанда Иран АҚШ пен Израильдің өз аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде Израильге ондаған зымыран жіберді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы DW басылымына сілтеме жасап.
Әуе қорғаныс жүйелері қауіптің бетін қайтару үшін жұмыс істеп жатқаны айтылды. Ел аумағында әуе дабылы жарияланып, тұрғындарға жасырыну тапсырылды. Сиреналар Тель-Авив пен Иерусалимде де естілді.
Al Jazeera мәліметінше, зымырандар Қатар мен Бахрейн бағытында да ұшырылған. Қатардағы америкалық «Әл-Удейд» базасы маңында бір зымыран әуе қорғаныс жүйесімен атып түсірілген. Reuters Абу-Дабиде де жарылыс болғанын хабарлады. Бахрейн астанасы Манамада АҚШ-тың Бесінші флотының қызмет көрсету орталығы зымыран соққысына ұшырағаны айтылды.
The Times of Israel дерегінше, Израильге шамамен 35 баллистикалық зымыран ұшырылған. Бірқатары әуе қорғаныс күштерімен жойылды, кей жерлерде тұрғын үйлерге зақым келген. Солтүстікте бір адам жарылыс толқынынан жарақат алған.
АҚШ пен Израиль соғысты төрт күн ішінде аяқтауды көздеп отырғаны хабарланды.