Ол матчқа Ресейдің Красноярск өлкесінен арнайы келген.
25 қарашада Бакуде өткен УЕФА Чемпиондар лигасының «Сабах» пен «Барселона» арасындағы матчы кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Триунада отырған ресейлік жанкүйер қайтыс болды.
Марқұм — 1987 жылы туған, Ресейдің Красноярск өлкесінен арнайы келген Антон Петрищев. Дереккөз мәліметінше, ол осы оқиғадан небәрі екі күн бұрын 39 жасқа толған.
Оқиға кешкі уақытта, кездесудің екінші таймында Баку Олимпиада стадионында болған. Трибунада отырған жанкүйердің жағдайы кенеттен нашарлап, ол сол жерде көз жұмған. Әзербайжанның Медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару бірлестігінің (TƏBİB) хабарлауынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 20:25-те түскен, алайда дәрігерлер жеткенше ер адам көз жұмған.
Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда марқұмның денесі сараптамаға жіберіліп, оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.