24.11.2026, 15:20

Қазақстан құрамасы гандболдан Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

Фото: ҰОК

Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан құрамасы В тобына түсті. 

Алматыда әйелдер арасында гандболдан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде Аустралия командасынан басым түсті. Матч 37:18 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Бұл топта Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Үндістан құрамалары да бар.

Қазақстандық гандболшылар келесі кездесуін бүгін, 24 қарашада, Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.

Азия чемпионаты 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстың үздік төрт командасы 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Тегтер: гандбол