23.11.2026, 11:40

UFC Қазақстандағы алғашқы турнирін Алматыда өткізуді жоспарлап отыр

Фото: AIRPress

Турнирді ұйымдастыруға қажетті жұмыстардың барлығы атқарылған.

UFC ұйымы Қазақстандағы алғашқы турнирін 2027 жылдың 1 мамырында өткізуді жоспарлап отыр. Жарыс Алматы қаласында ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл туралы «Вестник ММА» ақпараттық ресурсы хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі бірнеше рет көтерілген еді. Қараша айында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ұйым өкілдерімен келіссөз жүргізілгенін растады. Министрдің айтуынша, турнирді ұйымдастыруға қажетті жұмыстардың барлығы атқарылған.

«UFC турнирін Қазақстанда 1 мамырда өткізу жоспарланып отыр. Жарыс Алматы қаласында өтуі керек», – деп хабарлады «Вестник ММА».