Бұл – Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы екінші жүлдесі.н
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Ол жарыстың алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы финалда жапониялық Шокей Хираноға қарсы татамиге шықты. Шешуші кездесуде қазақстандық дзюдошы қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл – Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы екінші жүлдесі. Бұған дейін дәл осы салмақ дәрежесінде күрескен Асқар Біржанов қола медаль жеңіп алған болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында әзірге бір алтын және бір қола медаль еншілеп отыр.