20.11.2026, 15:40

UFC Qatar: Асу Алмабаев пен Дияр Нұрғожай салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Фото: Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Асу Алмабаев пен Дияр Нұрғожай Қатар астанасы Дохада өтетін UFC Qatar турнирі қарсаңында таразыға түсті. Екі файтердің де салмақ көрсеткіші белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін Асу Алмабаевтың салмағы 125,5 фунтты (56,93 келі) құрады. Ал оның қарсыласы, жапониялық Кёдзи Хоригути 126 фунт (57,15 келі) көрсетті.

Айта кетейік, жеңіл салмақ дәрежесіндегі ресми шек – 125 фунт (56,7 келі). Осыған байланысты қосымша өлшеу рәсімінде файтерлерге белгіленген межеге сай болуға тағы бір мүмкіндік беріледі.

Ал жартылай ауыр салмақта сынға түсетін Дияр Нұрғожай мен оның қарсыласы Алик Лоренц салмақ талаптарын еш қиындықсыз орындады. Екеуі де 205 фунт (93 келі) салмақ шегіне сыйды.

Еске салайық, UFC Qatar турнирі 21 қарашада Дохада өтеді. Ал салтанатты өлшеу рәсімі бүгін, 20 қарашада, Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.