19.11.2026, 01:30

Дастан Сәтпаев, Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмұрзаға «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді (ВИДЕО)

Фото: ФК Қайрат

Сондай-ақ марапатталған футболшылардың қатарында Дастан Сәтпаев та бар.

Алматылық "Қайрат" футбол клубының Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен 14 ойыншысына "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" құрметті атағы берілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Марапаттау рәсімі Тимур Сегізбаев атындағы академияда өтті. Футболшыларға наградаларды клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, бас директоры Асқар Есімов, сондай-ақ қазақстандық футбол ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Ваит Талгаев табыстады.

Құрметті атаққа Темірлан Анарбеков, Дамир Қасаболат, Әділет Садыбеков, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Олжас Байбек, Азамат Туяқбаев, Шерхан Қалмұрза, Мансұр Бірқұрманов, Мұхамедәлі Әбіш және Рамазан Бағдат ие болды.

Сондай-ақ марапатталған футболшылардың қатарында Дастан Сәтпаев та бар. Алайда ол қазір Англияда жүргендіктен, салтанатты рәсімге қатыса алмады.