18.11.2026, 18:00

Нокауттан кейін есін жимаған боксшы 31 жасында қайтыс болды

Фото: David Fitzgerald/Sportsfile via Getty Images

Ол 16 қарашада жақындарының ортасында көз жұмды. 

Ирландиялық кәсіпқой боксшы Ли Ривз 31 жасында өмірден өтті. Ол рингтегі жекпе-жек кезінде ауыр жарақат алып, соңғы үш айын ауруханада өткізген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Боксшының өліміне тамыз айындағы кездесуден кейін пайда болған асқынулар себеп болған. Ол 16 қарашада жақындарының ортасында көз жұмды.

Айта кетейік, Ли Ривз 1 тамызда Дублин қаласындағы 3Arena аренасында ирландиялық Гэри Каллимен жұдырықтасқан. Супержеңіл салмақтағы BUI Celtic титулы сарапқа салынған кездесудің оныншы раундында Ривз нокаутқа түскен.

Жекпе-жектің соңғы раундында боксшы екі рет нокдаун алып, есінен танып қалған. Кейін оны рингтен зембілмен алып шығып, ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер жасанды комаға енгізгенімен, спортшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.