17.11.2026, 16:00

Матч кезінде доп тиген 18 жастағы футболшы көз жұмды

Фото: instagram.com/futbolclubezeiza/

Матчты тамашалаған репортерлердің бірі соққының өте қатты болғанын айтқан.

Аргентиналық «Эсейса» клубының 18 жастағы футболшысы Абель Нуньес алаңда ауыр жарақат алып, үш күннен кейін ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға үшінші дивизиондағы «Депортиво Муньис» командасына қарсы матч кезінде болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға 12 қарашада тіркелген. БАҚ мәліметінше, қарсылас ойыншының қатты тепкен добы Абельдің басына тиіп, жас футболшы бірден жерге құлаған. Ол өздігінен орнынан тұра алмаған.

Матчты тамашалаған репортерлердің бірі соққының өте қатты болғанын айтқан. Оның сөзінше, доп бірнеше метрге ұшқаннан кейін футболшының басына тиген. Соққыдан кейін Абель есінен танып қалған.

Жас спортшы бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол алған жарақатынан кейін үш күн өткен соң көз жұмды.

«Өмірі әлі алда болған жас жігітпен терең қайғырып қоштасамыз. Бұл – орны толмас қаза», – деп жазылған клубтың көңіл айту хабарламасында.

Айта кетейік, футболшының өлімі туралы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желілерде оқиға сәті түсірілген деген видеолар жариялана бастаған. Алайда Аргентина үшінші дивизионындағы жасөспірімдер командаларының матчының бейнежазбасы әзірге жарияланған жоқ. Желіде тарап жатқан кадрлар шын мәнінде 2026 жылғы мамырда өткен Сербия кубогінің финалында «Црвена Звезда» мен «Воеводина» командалары арасындағы ойыннан алынған.