$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстанның ең даңқты дзюдошыларының бірі Абиба Әбужақынова (48 кг) Халықаралық дзюдо федерациясының рейтингінде бір сатыға төмендеп, 21-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

48 келіде белдесетін қазақ қызы 2025 жылдың қорытындысында аталған рейтингте бірінші тұрған. Қазір 2078 ұпаймен екінші ондықтың сыртына шығып қалды.

Рейтингтің бірінші сатысында жапон қызы Вакана Кога тұр, оның еншісінде 5750 ұпайы бар. Екінші орында – ресейлік Сабина Гилязова (4793), үшінші орында – француз Ширин Букли (4765).

Еске салайық, Абиба Әбужақынова қыркүйек айында Жапониядағы Азия ойындарына қатысып, күміс жүлде жеңіп алған болатын. Араға бір апта салып, Әзербайжандағы чемпионатында бірінші айналымда жеңілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0