27.10.2026, 14:40

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегіне Нью-Йоркте дайындалады

Фото: Әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жегіне дайындықты Нью-Йоркте өткізеді. Спортшы АҚШ-қа командасымен бірге барып, жаттығу залын таңдап қойған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бұйыртса, дайындықты Нью-Йоркте жасаймыз! Әзірге джетлаг. Осы жақтың уақытына үйреніп жатырмыз. Жаттығу залдарын аралап, қолайлысын таңдап қойдық. Жыл басында жекпе-жек!» – деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.

Әзірге команда уақыт айырмашылығына бейімделіп, жаттығу кестесін реттеп жатыр.

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өткізеді. Ол бос тұрған WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін дат боксшысы Якоб Банкпен жұдырықтасады. Кездесу Forum Horsens аренасында өтеді.

Бұл жекпе-жек Әлімханұлы үшін жаңа салмақтағы алғашқы сынақ болмақ. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 17 жеңіс, оның 12-сі нокаутпен аяқталған.