25.10.2026, 05:30

«Әкемді 10 жыл көрмегеніме өкінемін»: Дана Нұржігіттің ұлы жүрек сырын ақтарды (ВИДЕО)

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бөлісті.

Танымал журналист Дана Нұржігіттің ұлы Әлім Рерих марқұм әкесі Владимир Рерих туралы айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бөлісті.

«Әкеммен он жыл көріспедік. Бірінші рет көрген кезде мен оны танымадым. Жүгіріп барып, қолмен амандастық. Себебі ол мені сипамаған, еркелетпеген.

Көріскеннен кейін жиырма күннен кейін кетті ғой. Оны естіп, жылап шықтым ғой. Содан кейін бұл жағдайға басқаша қараймын. Қайғырамын, әкем кетті ғой. Бірақ өкінішім бар, қайғым жоқ әкемді он жылдан кейін көргеніме. Балалық шағымда мені тәрбиелесе, өте жақсы болар еді. Бірақ енді жарайды, өтті бәрі», – деді Әлім.

Айта кетейік, Әлім – Дана Нұржігіт пен Владимир Рерихтың ұлы.

Ал журналист Жанар Байсеміз Әлімнің бұл алғашқы сұхбаты екенін айтып, оған ақ тілегін арнады.

«Әлімнің алғашқы сұхбаты. Аман болса, талай сұхбат береді әлі. Әлім, таудай бол!

Сұхбат беруге келіскеніңе көп рақмет», – деп жазды Жанар Байсеміз.