$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің финалына шықты

Еленаның 6:3, 7:5 есебімен қортындыланған жеңісімен аяқталды.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Әйелдер арасындағы жекелей сында әлемнің және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті,

 

Әлемдік рейтингте бірінші орынды иеленіп отырған спортшы жартылай финалдық матчта планетаның 13-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен кездесті.

Матч екі ғана сетке созылып, Еленаның 6:3, 7:5 есебімен қортындыланған жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, қазақстандық спортшы финалға шықты, онда Елена өзге жартылай финалда чехиялық Мария Боузкованы ұтқан (6:3, 7:5) әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0