24.10.2026, 11:30

«Қайраттың» жеңілісі Қуат Хамитовтың сынына ұшырады

Фото: әлеуметтік желі

Қуат Хамитовтың бұл сөзі әлеуметтік желіде футбол жанкүйерлерінің назарын аударды.

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Алматының «Қайрат» футбол клубының УЕФА Конференциялар лигасындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол алматылық команданың өз алаңында грек клубы «Панатинаикосқа» 1:5 есебімен есе жібергеніне қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Сколько осла ни хвали, конём он не станет» («Есекті қанша мақтасаң да, ат болмайды»), – деп жазды файтер.

Қуат Хамитовтың бұл сөзі әлеуметтік желіде футбол жанкүйерлерінің назарын аударды.

Конференциялар лигасының екі турынан кейін «Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар. Алматы клубы 36 команданың арасында 31-орында тұр. Команда келесі кездесуін 5 қарашада Италияда «Аталантаға» қарсы өткізеді.