$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі шегерілді

Жекпе-жек Дания астанасы Копенгагенде өтеді деп жоспарланып отыр. 

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Дания өкілі Якоб Банк арасындағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жектің мерзімі нақтыланды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Екінші орта салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынатын айқас бастапқыда желтоқсан айында өтуі керек болған. Алайда жекпе-жек 2027 жылдың қаңтарына ауыстырылды.

Бұл ақпаратты «The Ring» басылымының инсайдері Майк Коппинджер Якоб Банктің менеджері Спенсер Браунға сілтеме жасап растады.

Жекпе-жек Дания астанасы Копенгагенде өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы кездесуін 2025 жылдың сәуірінде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңген болатын.

Ал Якоб Банк соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 25 шілдеде Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткізіп, британдық Павел Августыникті жеңді.

Осы жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0