28.09.2026, 10:40

Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Азиаданың қола жүлдесін алды

Фото: ҰОК

Қазақстан аралас командалар арасындағы сайыста 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. 

Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазақстан аралас командалар арасындағы сайыста 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Қытай құрамасы 299,2117 ұпаймен топ жарды. Ал 286,2688 ұпай жинаған Жапония екінші орын алды.

Қазақстан құрамасы сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.