22.09.2026, 11:40

Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз жүлде жолында өзбек спортшысы Севинч Рахимованы басым түсті. 

Жапонияның Аичи префектурасындағы Тоёхаси спорт кешенінде каратэден жазғы Азия ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше кумите бағдарламасы -55 кг дейінгі салмақта Бэлла Самашева қола медаль жеңіп алды.

Отандасымыз жүлде жолында өзбек спортшысы Севинч Рахимованы басым түсті. 

Айта кетейік, Бэлла үшін бұл алғашқы Азия ойындары.