$ 446.56  512.34  5.3

«Головкинге құрмет»: Америкалық боксшы шаршы алаңға қазақы шапанмен шықты

Боксшының қазақы шапанмен жүрген сәттері қазақстандық жанкүйерлердің де назарын аударды.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Ирак текті америкалық боксшы Джонни Мансур Қазақстанға және Геннадий Головкинге деген құрметін ерекше тәсілмен білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мансур АҚШ-та арнайы тапсырыспен қазақтың ұлттық шапанын тіктірген. Боксшы шапанды безендіру үшін қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен дәстүрлі элементтерін өзі іздестірген.

Спортшы ұлттық киімді тек естелік ретінде сақтап қоймай, жекпе-жектерінде де киіп шығады. Осылайша ол америкалық шаршы алаңда қазақ мәдениетінің бір бөлшегін таныстырып жүр.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Джонни Мансур кәсіби мансабында өткізген сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Оның жеңілісі жоқ.

Боксшының қазақы шапанмен жүрген сәттері қазақстандық жанкүйерлердің де назарын аударды.

Бұл туралы видео жариялаған Alikhan Zharylgapov спортшының Қазақстан мәдениетіне деген құрметін атап өтті.

Джонни Мансурдың бұл әрекеті спорт арқылы түрлі елдер мен мәдениеттер арасындағы байланысты көрсететін мысал ретінде әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0