$ 444.88  513.26  5.28

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында Филиппинді жеңді

Ойынның алғашқы партиясында қазақстандық волейболшылар 27:29 есебімен қарсыласына есе жіберді. 

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде Филиппин командасын жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ойынның алғашқы партиясында қазақстандық волейболшылар 27:29 есебімен қарсыласына есе жіберді. Алайда кейінгі сеттерде құрамамыз басымдық танытып, қатарынан үш партияда жеңіске жетті.

Матч қорытындысы бойынша есеп – 27:29, 26:24, 25:23, 25:19.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының топтық кезеңінде Қытай және Филиппин құрамаларымен бір топта өнер көрсетіп жатыр. Турнир ережесіне сәйкес, топтағы үздік екі команда плей-офф кезеңіне өтеді.

Бұған дейін Қытай құрамасы Филиппинді 3:0 есебімен жеңген. Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы ширек финалға шығу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Ал топтағы бірінші орын үшін Қазақстан мен Қытай арасындағы кездесу 18 қыркүйекте өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0