65 келіге дейінгі салмақта Өсімжан Дастанбек күміс, Әділ Оспанов қола медаль еншіледі.
Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстандық спортшылар аталған жарыста барлығы сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бірінші жарыс күнінде 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев финалда 2025 жылғы әлем чемпионы, америкалық Захид Валенсиямен кездесіп, 12:11 есебімен жеңіске жетті. Осы салмақта Рүстем Мырзағалиев үшінші орынға ие болды.
65 келіге дейінгі салмақта Өсімжан Дастанбек күміс, Әділ Оспанов қола медаль еншіледі. Ал 74 келіге дейінгі салмақта Дархан Есенғали үздік үштікті түйіндеді.
Жарыстың екінші күнінде 61 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай күміс медаль алды. 70 келіге дейінгі салмақта Ернұр Нұрғазы, ал 79 келіге дейінгі салмақта Диас Сағдатов қола жүлдеге ие болды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының баскетболдан 2026 жылғы Азия ойындарындағы өнерін аяқтағанын жазған болатынбыз.