Еске салайық, US Open финалында Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы 2:1 есебімен жеңді — 6:4, 5:7, 6:2.
Теннистен АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанған қазақстандық Елена Рыбакина финалдан кейін кубокін көтеріп, жанкүйерлері мен командасына алғысын білдірді. Отандасымыз турнирге жарақатпен келгенін де атап өтті,
Еске салайық, US Open финалында Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы 2:1 есебімен жеңді — 6:4, 5:7, 6:2.
«Шынымды айтсам, қазір не айтарымды білмей тұрмын. Турнирге жарақатпен келгендіктен, мұндай нәтиже болады деп ойлаған жоқпын. Бірақ қазір өздеріңіз көріп тұрсыздар», – деді теннисші.
Рыбакина финалдағы қарсыласы Арина Соболенконы да ерекше атап өтіп, оны мықты чемпион деп бағалады. Сонымен қатар жанкүйерлеріне қолдау көрсетіп, ерекше атмосфера сыйлағаны үшін ризашылығын жеткізді.
Қазақстандық спортшы бұған дейін Нью-Йорктегі кортта соңғы он жылда сәтсіз өнер көрсетіп келгенін айтып, биылғы жеңістен кейін бұл қаламен байланысты жақсы естеліктер қалыптасқанын жеткізді.
«Енді Нью-Йоркті жақсы көріп барамын. Жақсы естеліктер үшін баршаңызға алғыс айтамын. Бұл жерге қайта оралатын күнді асыға күтемін», – деді Рыбакина.