$ 454.46  527.72  5.25

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир - Денис Тен Мемориалы өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.

Жарыс аясында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады. Байрақты бәсеке Halyk Arena мұз айдынында өтеді.

Айта кетейік, бұл турнир Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өшпес із қалдырған 2014-Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0