Құрлықтық додаға Қазақстан атынан 11 боксшы қатысады.
Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Құрлықтық додаға Қазақстан атынан 11 боксшы қатысады. Ерлер құрамасы алты, әйелдер құрамасы бес салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Ерлер құрамасы:
Ерлер құрамасының бас бапкері — Нұржан Насанов.
Әйелдер құрамасы:
Әйелдер құрамасын Елдос Сайдалин бастап барады.
Азия ойындары қарсаңында қазақстандық боксшылар бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып, дайындықтың қорытынды кезеңін Жапонияда өткізеді.
XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти префектурасы мен Нагоя қаласында ұйымдастырылады. Бокс бәсекесі 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанда аяқталады. Жекпе-жектер Нишио қаласындағы Nishio Gymnasium спорт кешенінде өтеді.
Іріктеу кезеңі мен ширек финалдық кездесулер 28 қыркүйекке дейін жалғасады. Жартылай финалдық жекпе-жектер 29 және 30 қыркүйекте, ал барлық салмақ дәрежесіндегі финалдар 2 қазанда өтеді.