$ 462.31  536.09  5.34

Махачевтің бапкері Шавкатқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Ислам жекпе-жекке дайын.

Фото: UFC
Фото: UFC

UFC чемпионы Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес шәкіртімен жұдырықтасуы мүмкін үш қарсыласты атады. Олардың қатарында қазақстандық Шавкат Рахмонов бар, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Махачев жуырда жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғап, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді. Енді оның командасы Майкл Моралес, Карлос Пратес және Шавкат Рахмоновты ықтимал қарсылас ретінде қарастырып отыр.

«Ислам жекпе-жекке дайын. Ол Рамазан айына дейін октагонға оралғысы келетінін айтты. Пратеспен кездесу өткіземіз деп үміттенемін. Егер ол болмаса, басқа қарсылас табылады. Менің тізімімде үш спортшы бар: Моралес, Пратес және Шавкат. Ислам осы үшеуімен де жұдырықтасса деймін. Егер олардың барлығын жеңсек, ешкімде күмән қалмайды», – деді Мендес Submission Radio-ға берген сұхбатында.

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізіп, Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген. Кейін тізесінен жарақат алып, ұзақ уақыт емделуге және оңалтуға мәжбүр болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0