Бұл туралы WTA ресми сайтында жазылды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турниріне қатыспай-ақ әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы WTA ресми сайтында жазылды.
Рыбакина үшін басты шарт – оның негізгі қарсыластары Арина Соболенко, Джессика Пегула немесе Кори Гауффтің турнирде чемпион атанбауы.
Егер Рыбакина US Open-де жартылай финалға шықса, қарсыластарының нәтижесіне қарамастан әлемдік рейтингте бірінші орынға көтеріледі. Ал ертерек жеңілген жағдайда да қарсыластарының сәтсіздігі оған көшбасшы атануға мүмкіндік береді.
Арина Соболенко бірінші орнын сақтап қалу үшін турнирде қатарынан үшінші рет чемпион атануы керек. Ал Пегула немесе Гауфф жеңімпаз болса, Рыбакина жарыстан ерте шығып қалған жағдайда рейтинг көшін иеленуі мүмкін.