Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева румыниялық Ирина Барэмен бірге алдымен швейцариялық Алина Гранвер – италиялық Джорджия Педонені қапы қалдырды – 6:3, 6:2.
Жібек пен Ирина ширек финалда румыниялық Елена Руксандра Бертеа – ресейлік Ксения Зайцеваға тап келді.
Екі сет те 6:2 есебімен қазақстандық-румыниялық дуэттің пайдасына шешілді.
Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.