Голдан кейінгі сәтте Месси саусағын көкке көтеріп, ишара жасады.
Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» клубының капитаны Лионель Месси MLS тұрақты чемпионатындағы голын марқұм әкесіне арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
39 жастағы футболшы әлем чемпионатынан кейін алғаш рет «Филадельфияға» қарсы кездесуде гол соқты. Матчтың 26-минутында есеп 1:1 болып тұрған сәтте Месси айып алаңының бұрышынан допты қабылдап, қорғаушыдан өтіп, алыс бұрышты дәл көздеді.
Голдан кейінгі сәтте Месси саусағын көкке көтеріп, ишара жасады. Жанкүйерлер бұл қимылды бірнеше апта бұрын қайтыс болған әкесіне деген құрметі деп қабылдады.