17.08.2026, 11:00

Роналду мен Джорджинаның құпия тойынан бейнежазба жарияланды (ВИДЕО)

фото: Vogue

Жұптың үйлену тойы туралы әлеуметтік желіде бірнеше күн бойы түрлі ақпарат тараған еді.

Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес ресми түрде некелерін қиды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жұптың үйлену тойы туралы әлеуметтік желіде бірнеше күн бойы түрлі ақпарат тараған еді. Алайда Vogue журналы кейін ғашықтардың эксклюзивті суреттері мен бейнежазбаларын жариялап, рәсімнің қалай өткенін көрсетті.

Роналду мен Родригес неке қию үшін өздері үшін ерекше саналатын 11 тамыз күнін таңдаған. Себебі дәл осыдан 10 жыл бұрын олар Мадридтегі Gucci дүкенінде алғаш рет танысқан.

Жұлдызды жұп көпшілік күткендей ауқымды той ұйымдастырмай, Португалияның Кашкайш қаласындағы өз үйінде шағын отбасылық рәсім өткізген. Оған бес баласы мен төрт жақын адамы ғана куәгер ретінде қатысқан.

Джорджина Родригес бұл күннің өздері үшін ерекше болғанын атап өтті.

«Бала кезімде зәулім сарай мен ұзын көйлекті армандаушы едім. Ал қазір ең маңыздысы – өз үйімізде, жұбайыммен және балаларымызбен бірге өткен осындай оңаша сәт. Себебі сарай, көлік пен аралдар біздің өмірімізде күнделікті тіршілікке айналған, ал отбасымызбен оңашада жиналатын кез – біз үшін сирек кездесетін бақыт», – деді ол.