Екіншісінде марокколық спортшы қарымта қайырды — 6:4.
Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, әлемнің 738-ракеткасы Соня Жиенбаева жекелей сында Оренсе (Испания) ITF W75 жарысының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 272-інші, осы турнирдің 6-ракеткасы, марокколық Ясмин Каббаджға қарсы келді. Бірінші партияда С. Жиенбаева 6:3 есебімен басым түсті.
Екіншісінде марокколық спортшы қарымта қайырды — 6:4.
Үшінші, шешуші сетте Соня жеңісті жұлып алды — 6:2.
Тартысты бәсеке 2 сағат 4 минутқа созылды.
Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 230-ракеткасы, ұлыбританиялық Алисия Дьюденимен таласады.
Жүлде қоры 60 мың долларға бағаланған аталмыш додада әлемдік рейтингіде 187-орындағы бельгиялық Грет Миннен 1-ракетка болып тіркелген.