03.08.2026, 21:30

«Қайрат» «Левскиден» өтсе Грекия чемпионымен кездеседі

Фото: sports.kz

Егер бұл межеден сүрінбей өтсе, келесі кезеңде Грекия чемпионымен екі матч өткізеді.

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде болгариялық «Левскиді» жеңген жағдайда плей-офф кезеңінде Грекияның АЕК клубымен күш сынасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алу үшін қазақстандық команда алдымен Болгария өкілінен басым түсуі қажет. Егер бұл межеден сүрінбей өтсе, келесі кезеңде Грекия чемпионымен екі матч өткізеді.

Алдын ала жоспарға сәйкес, алғашқы кездесу 18 немесе 19 тамызда Алматыда өтсе, қарымта ойын 25–26 тамыз күндері Афинада ұйымдастырылады. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тікелей жолдама алады.

Еске салайық, «Қайрат» пен «Левски» арасындағы алғашқы матч 4 тамызда Болгария астанасы Софияда өтеді. Ал жауапты кездесу 11 тамыз күні Түркістанда ұйымдастырылады.