03.08.2026, 11:40

16 жастағы қазақ балуаны еркін күрестен әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

Бұл – Қазақстан құрамасының Бакудегі әлем чемпионатындағы екінші алтыны әрі еркін күрестегі алғашқы чемпиондық атағы.

Қазақстандық балуан Бақдәулет Ағабек Бакуде өткен 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда үндістандық қарсыласын 10:0 есебімен айқын жеңді. Турнир барысында ол төрт белдесуін де мерзімінен бұрын аяқтап, жалпы 47 ұпай жинап, қарсыластарына небәрі 3 ұпай ғана берген.

Бұл – Қазақстан құрамасының Бакудегі әлем чемпионатындағы екінші алтыны әрі еркін күрестегі алғашқы чемпиондық атағы.