16 тамыз күні Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінің басты оқиғасы болмақ.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде көш бастап тұрған ирландиялық Иан Гэрри (17-1) тамыз айында чемпиондық белбеу үшін ресейлік Ислам Махачевпен (28-1) күш сынасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
The Independent басылымына берген сұхбатында Гэрри алдағы жекпе-жекте жеңіске жетіп, жаңа чемпион атанатынына күмән келтірмейтінін айтты.
Екі файтердің чемпиондық кездесуі 16 тамыз күні Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінің басты оқиғасы болмақ.
«Қазірдің өзінде чемпиондық белбеуді жеңіп алғаннан кейін оны кімге қарсы қорғайтынымды ойлап жүрмін. Ертең жеңіске жетсем, алғашқы сұрақтардың бірі келесі қарсыласың кім болады деген сауал екені анық. Сол сәтте еш ойланбастан жауап беруім керек. Сондықтан чемпион атанғаннан кейінгі жоспарларымды алдын ала ойластырып қойдым. Бұл мен үшін ерекше әрі қуанышты сәт болмақ», – деді Гэрри.
Еске салайық, ирландиялық спортшы 2024 жылдың желтоқсанында қазақстандық Шавкат Рахмоновпен кездесіп, кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған еді. Алайда сол жекпе-жекте Шавкат ауыр жарақат алып, содан бері октагонға оралған жоқ. Ал Гэрри 2025 жылы Белал Мухаммад пен Карлус Пратесті жеңіп, жартылай орта салмақтағы рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.